«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Абай облысы бойынша
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті зейнет жасындағы азаматтарға
арналған қаржылық сауаттылық және киберқауіпсіздік тақырыбында дәріс
өткізді.
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең
таралған тәсілдерін, жеке деректерді қорғау жолдарын және банктік
қызметтерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын түсіндірді. Телефон
алаяқтығы, қаржылық пирамидалар және дропперлік мәселелеріне ерекше
назар аударылды, себебі қылмыскерлер азаматтарды осындай заңсыз
әрекеттерге жиі тартуға тырысады.
Нақты мысалдар арқылы қатысушыларға алаяқтардың азаматтардың қаражатын
иемдену үшін қолданатын әдістері түсіндіріліп, жеке жинақтарды сақтау
бойынша практикалық кеңестер берілді. Зейнеткерлерге растау кодтарын,
банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия мәліметтерді бөгде
адамдарға беруге болмайтыны ескертілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1260958?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ