
1–3 шілде аралығында Абай облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттерінің жас қызметкерлерін біріктірген слет өтті.
Слеттің екінші күні қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру бойынша үздік тәжірибелер мен сәтті кейстерді талқылады. Сонымен қатар, психологтың өзін-өзі реттеу және дағдарыстық жағдайларда әрекет ету тақырыбындағы тренингіне қатысты.
Жас қызметкерлерге Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов құттықтау сөз сөйледі.
Күннің қорытындысында қатысушылар «Отбасындағы лудоманияның зардаптары» атты спектакльді тамашалап, Ертіс өзенінде теплоходпен серуендеді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1261020?lang=ru

Добавить комментарий