АБАЙ: ЭТТД қызметкерлері «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты

Опубликовано:

Автор:

в категории

Абай облысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Іс-шараға Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қатысып, азаматтарға қаржылық мониторинг органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық кеңес берді.

Акция барысында қаржы пирамидаларына, интернет-алаяқтыққа, дропперлікке қарсы іс-қимыл, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Телефон қоңыраулары мен интернет-ресурстар арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Акцияға қатысушыларға жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақшалай қаражатты сақтау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1260967?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version