
ТКШ саласын жаңғырту, транзитті дамыту және ауылды қолдау: Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық дамуды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізуді басты басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Бүгінде Үкімет жекелеген нысандарды жөндеу тәжірибесінен бас тартып, желілер мен магистральдарды жүйелі түрде жаңартуға көшуде. Инфрақұрылымның негізгі салаларындағы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар Primeminister.kz шолуында қамтылған.
Жаңа су қоймаларын салу және тұтынуды цифрлық есепке алу жүйесіне көшу
Елімізде су ресурстарын тиімді басқару Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Президент тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы жалпы құны 218 млрд теңгеден асатын 22 жоба іске қосылды. Оның ішінде 14 топтық су құбыры мен 8 су құбыры құрылысы алаңы пайдалануға беріліп, нәтижесінде 945 мыңнан асатын тұрғыны бар 321 ауылдың сумен қамтылуы жақсарды.
Елді мекендерді су басудан қорғау және су қорын тұрақты жинақтау мақсатында бірқатар ірі гидрологиялық нысанда реконструкциялау жұмыстары жүргізілді және нығайтылды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасы, Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасы бөгеті, Абай облысындағы Шар су қоймасы, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы, Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасы, Жабай өзеніндегі су жинақтаушы тоған, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Биопруд» жинақтағышының қорғаныш бөгеті және Қостанай облысындағы Албарбөгет бөгеті жаңғыртылды.
Биыл Түркістан облысындағы Қарақуыс және Бәйдібек ата су қоймаларының, Ақмола облысындағы Жабай өзеніндегі су жинақтаушы тоғанның және Жамбыл облысындағы Андас-3 тоғанының құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 12 сумен жабдықтау жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл тағы 142 ауылдық елді мекенді немесе шамамен 540 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар арналарды ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың 6 айында 206,19 шақырым канал реконструкцияланды, ал жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 976 шақырымнан астам арнаны жаңғырту жұмыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған (салыстыру үшін: 2025 жылы барлығы 680 км жаңартылды).
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1260543?lang=ru

Добавить комментарий