ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРКЕБҰЛАН ДАУЫЛБАЕВ ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы жоғары құрылыс жобаларының барысымен танысты.
Сапар барысында білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары, тұрғын үй құрылысы және жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалардың орындалу барысы қаралды. Облыс әкімінің орынбасары әр нысандағы жұмыстардың сапасына, белгіленген мерзімнің сақталуына және құрылыс процестерінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударды.
Алдымен Ұзыната ауылындағы «Ұзыната» жалпы білім беретін мектебінің құрылыс алаңына барған Еркебұлан Дауылбаев нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу барысында мердігер ұйымның құрылыс лицензиясына қатысты мәселелер қаралып, жауапты тұлғаларға заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамаға сай, сапалы әрі қауіпсіз орындалуы қажеттігі айтылды.Жауапты сала басшыларына құрылыс нысандарындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, анықталған мәселелерді заң аясында уақытылы шешу міндеттелді.
Бұдан кейін Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Шардара ауылындағы А. Әлімбетов және Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептердің құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып, 2026 жылға өтпелі құрылыс нысандарының барысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, сапа талаптарын қатаң сақтауды және барлық жұмыстарды жобалау-сметалық құжаттама мен қолданыстағы нормативтік талаптарға сай аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орыновқа және Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаеваға білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті мемлекеттік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.
Жұмыс сапары аясында Еркебұлан Дауылбаев Шардара ауданындағы №16 колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, сенімгерлік басқаруға берілген оқу орнының даму жоспарымен танысты. Колледждегі күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударып, нысанды белгіленген мерзімде аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.
Сонымен қатар Шардара қаласындағы жаңа мөлтек аудандарда жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынған көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы қаралды. Облыс әкімінің орынбасары тұрғын үйлерді мемлекет тарапынан сатып алу мәселесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.
Сапар барысында Жаушықұм және Қалғансыр елді мекендері арасындағы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, Еркебұлан Дауылбаев жол сапасына ерекше мән беріп, нысанды барлық техникалық талаптарды сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін айтты.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік маңызы бар нысандардың сапалы әрі уақытылы іске қосылуы – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Әсіресе құрылыс барысында заң талаптарының сақталуы, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері үнемі назарда болуы керектігін жеткізді.
Сонымен қатар Еркебұлан Дауылбаев Шардара ауданында әлеуметтік нысандар бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтіп, аудан әкімі Арман Қарсыбаевқа құрылыс нысандарының сапасын, мерзімінде аяқталуын және жауапты мекемелердің өзара үйлесімді жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1260374?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version