ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ДУМАН ШАРДАРА ЖАҒАЛАУЫН ӘН МЕН КӨҢІЛ-КҮЙГЕ БӨЛЕДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Шардара су қоймасы жағалауындағы NURDELUX демалыс аймағында туристік маусым аясында ұйымдастырылған «Теңіз жағасындағы думан» атты мерекелік ән кеші жоғары деңгейде өтті.
Шараны Шардара ауданының Қ. Тұрысбеков ауылдық округі мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырып, демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен әсем әннен шашу шашты.
Кеш барысында жүргізушілер Шардараның көркем табиғаты, мөлдір жағажайы, саф ауасы мен қонақжайлығы жайында әсерлі ой өрбітіп, ауданның туристік әлеуетін кеңінен насихаттады. «Шардара – тек балықшылар мен диқандар мекені ғана емес, бүгінде туризмі қарқынды дамып келе жатқан өңір, демалушылардың сүйікті мекеніне айналған өлке» екені ерекше аталып өтті.
Кеш сахнасында жергілікті өнерпаздар «Шардара», «Қайран жастық шақ», «Қазақ елі осындай», «Аяөз қайда барасың», «Тек алға», «Осылай болама», «Толқын-толқын», «Жақсы адамдарым» сынды көрермен жүрегінен орын алған әндерді әуелете орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Теңіз жағасындағы жазғы кеш әсем әнмен әрленіп, көтеріңкі көңіл-күйге ұласты. Концерт соңында демалушылар би алаңына шақырылып, жағалаудағы думан шаттыққа, әуезді әуенге және көтеріңкі көңілге толы мерекелік кешке айналды.
Шардара жағалауы – жазғы демалыстың ғана емес, рухани тынығу мен көтеріңкі көңіл-күйдің де мекені екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл кеш көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1260420?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *