
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Осман Айтуғанды және оның жаттықтырушысы Дуйсебаев Эрманды арнайы қабылдап, айтулы жетістіктерімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы Осман Айтуғанның халықаралық деңгейдегі жеңісі – тек жеке жетістік емес, бүкіл Шардара ауданының абыройын асқақтатқан зор табыс екенін атап өтті.
Қабылдау барысында аудан әкімі Осман Айтуған мен оның жаттықтырушысы Дуйсебаев Эрманға Алғыс хаттар табыстап, демеушілердің қолдауымен арнайы сый-сияпат көрсетті. Сондай-ақ жас балуанға әлемдік додаларда табыс тілеп, білікті бапкерге ел намысын қорғайтын чемпиондарды тәрбиелей беруіне ізгі тілегін жеткізді.
Еске сала кетсек, 2026 жылдың 27 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Тайландтың Паттайя қаласында өткен 15–20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапындағы Осман Айтуған 57 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1260415?lang=ru

Добавить комментарий