Жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жеке көмекші қызметтерін көрсетуге байланысты қатынастарды рәсімдеу кезінде құқықтық белгісіздікті болдырмау мақсатында Министрлік мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады.

Бүгінгі таңда:

1)     жеке көмекші қызметін ақылы көрсетуге арналған үшжақты үлгілік шарт бекітілді;

2)     азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде төлем нақты көрсетілген алып жүру қызметінің көлеміне қарай жүзеге асырылады (АЕК-тің 54,56 %-ы мөлшерінде, бір алып жүру қызметі үшін 4 сағаттан аспайды, айына жалпы саны 60 қызметтен аспайды).

Қызмет құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нақты көрсетілген қызмет көлеміне қарай айқындалады. Ақы төлеуді жергілікті атқарушы орган (қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асыра. Төлем жасауға орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі негіз болып табылады.

Өнім беруші жеке көмекші қызметін көрсету процесін ұйымдастырады және өтініш берушіге бағынышты болмайды. Қызмет көрсету уақыты, кезеңділігі мен тәсілі тараптардың өзара келісімімен айқындалады. Қызмет нақты көрсетілген сәттен бастап орындалды деп есептеледі және орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісімен расталады.

 

Өнім беруші міндеттенеді:

1)     АОЖБ-ға сәйкес қызметтерді адал және уақытылы көрсетуге;

2)    қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушіні хабардар етуге;

3) көрсетілетін қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз етуге.

Өтініш беруші міндеттенеді:

1)     қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

2)     негізді ескертулер болмаған жағдайда көрсетілген қызметті қабылдауға.

Өтініш беруші:

1) Өнім беруші  келісімі бойынша қызмет көрсету уақытын айқындауға;

2) көрсетілген қызметтердің нәтижесін бағалауға;

3) көрсетілген қызметтердің сапасына, көлеміне немесе нәтижелеріне негізделген шағымдар болған кезде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қоюдан бас тартуға;

4) Өнім беруші әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және көрсетілген қызметтердің нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;

5) шартқа қол қоюдан заңнамада белгіленген тәртіппен бас тартуға құқылы.

 

ЖАО, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі кепілдік берілген сома шегінде жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.

ЖАО, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі:

  • қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты өнім берушіге және (немесе) өтініш берушіге ұсынуға;
  • көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқылы.

 

Өнім беруші көрсеткен қызметтер мынадай жағдайларда өтеуге жатпайды:

1) жеке көмекшінің өтеулі қызметтер көрсету шартының талаптарына қайшы келетін қызметті жүзеге асыруы;

2) АОЖБ-да мүгедектігі бар адамға жеке көмекші қызметін көрсету жөнінде ұсынымның болмауы;

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1257703?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version