Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеу және өмірлік

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеу және өмірлік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Жастар, заң, тәртіп және өмірлік құндылықтар» тақырыбында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Жумкина Наурызгүл Мұхтаровнамен еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасып, құқықтық мәдениет пен адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы маңызы жөнінде пайдалы ақпарат алды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1256985?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version