Секундтық тәуекелдің құны

Опубликовано:

Автор:

в категории

Павлодар қаласында жыл басынан бері маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін шамамен 3000 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Өңір полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін күн сайын бақылауда ұстап келеді. Өрескел құқық бұзушылықтың бір мысалы – Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісінің әрекеті. Ол қозғалыс кезінде бұрылыс шамдарын қоспай, жолақтан жолаққа ретсіз ауысып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Полиция жүргізушілерді маневр жасау қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, үнемделген бір минут адам өмірінен қымбат емес! Әрбір жолақ ауыстыру алдында міндетті түрде бұрылыс шамдарын қосып, маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарап, өз жауапкершілігіңізді ұмытпаңыздар, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінде.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1256270?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version