САРАЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

САРАЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ
Сарыағаш ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 300 орындық білім ордасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шермат Ибрагимов, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар мен қала тұрғындары қатысты. Өз кезегінде аудан басшысы оқушылар мен ұстаздар қауымын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
Жаңа мектеп заман талабына сай жабдықталған. Онда физика, химия, биология кабинеттері озық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Оқушылардың жан-жақты дамуына арналған STEM-зертханалар, робототехника сыныптары, компьютерлік кабинеттер, спорт залы, шеберлік және зертхана бөлмелері, демалыс аймақтары, акт залы мен асхана қарастырылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке блоктарда білім алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1256513?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version