2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінде жер учаскелері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жағдайда жер салығы мен жерді пайдаланғаны үшін төлемнің жоғарылатылған мөлшерлемелері қолданылады.10 есе ұлғайту құрылыс салуға арналған жер учаскелері белгіленген мақсатта пайдаланылмаған немесе заң талаптарын бұза отырып пайдаланылған жағдайда қолданылады. Бұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 4-тармағында және 681-бабының 9-тармағында көзделген. Жоғарылатылған мөлшерлеме жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға табыс етілген күннен бастап қолданылады.40 есе ұлғайту ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жағдайда қолданылады. Бұл Салық кодексінің 581-бабының 5-тармағында және 681-бабының 10-тармағында белгіленген. Жоғарылатылған мөлшерлеме де уәкілетті органның нұсқамасы табыс етілген күннен бастап күшіне енеді. Жер учаскелерінің мақсатқа сай пайдаланылмауын немесе заң бұзушылықпен пайдаланылуын анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Ал жер салығы мен жерді пайдаланғаны үшін төлемді жоғарылатылған мөлшерлемемен есептеуді салық органдары жүргізіп, салық төлеушіге тиісті хабарлама жібереді (Салық кодексінің 581 бабының 7-тармағы және 681-бабының 12-тармағы).Сонымен қатар, жер салығының салық салу объектілері, салық базасы және базалық мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 576–578-баптарында белгіленген.
С 2026 года в Налоговом кодексе РК сохранены повышенные ставки земельного налога и платы за пользование земельными участками, если земельный участок используется не по целевому назначению или с нарушением земельного законодательства.Увеличение в 10 раз применяется к земельным участкам, предназначенным для строительства объектов, если они не используются по назначению либо используются с нарушением законодательства. Основание — пункт 4 статьи 581 и пункт 9 статьи 681 Налогового кодекса РК. Повышенная ставка действует с даты вручения предписания органом по управлению земельными ресурсами.Увеличение в 40 раз применяется к землям сельскохозяйственного назначения, которые не используются по целевому назначению или используются с нарушением законодательства. Основание — пункт 5 статьи 581 и пункт 10 статьи 681 Налогового кодекса РК. Повышение также применяется с даты вручения предписания собственнику или землепользователю.При этом порядок выявления таких земельных участков определяется уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами, а исчисление земельного налога и платы с учетом повышающих коэффициентов производится налоговыми органами с последующим направлением налогоплательщику уведомления (пункт 7 статьи 581 и пункт 12 статьи 681 Налогового кодекса РК).Также следует отметить, что объекты налогообложения, налоговая база и базовые ставки земельного налога установлены статьями 576–578 Налогового кодекса РК.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1257584?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ