Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру.

Опубликовано:

Автор:

в категории

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Жолданғар Ербол Қабдығалиұлы Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

     Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер мен жаңа бағыттар жан-жақты түсіндірілді.

    Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін «Е-қызмет» платформасы арқылы цифрландыру, клиентке бағдарлану қағидаты, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, пара беруге уәде беру, пара ұсыну, сондай-ақ пара талап ету үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және өзге де маңызды жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді.

    Сонымен қатар, кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1255741?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *