Балықшылар күні

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті Мыңарал ауылының балық шаруашылығы саласының ардагерлері мен еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Балықшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балық шаруашылығы – өңіріміздің маңызды салаларының бірі. Табиғаттың байлығын ұқыпты пайдаланып, адал еңбектеріңізбен ел ырысын еселеп жүрген баршаңызға зор алғысымды білдіремін. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосылып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс, берекелі несібе тілеймін. Аулаған балықтарыңыз мол болып, жұмыстарыңызға әрдайым сәттілік серік болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Мыңарал ауылдық округінің әкімі Аманжолов Тлеш Есимович!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-mynaral/press/news/details/1257449?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *