Бүгін Қосшы қаласы әкімдігінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті. Қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлының төрағалығымен өткен қабылдауға қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Данабекұлы қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, үлестік құрылыс, баспанамен қамтамасыз ету, көшелерді асфальттау, көше жарығы және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, жан-жақты қаралды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау әр аптаның сейсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін тұрақты түрде өткізіледі. Алдын ала жазылу үшін 8 (7172) 60-77-70 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1257701?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ