10.07.2026ж. ДКК-мен семинар.

Опубликовано:

Автор:

в категории

2026 жылғы 10 шілдеде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаметінің МӘС ӘБ бөлімі, №1 МӘС бөліммен бірлесіп, қалалық емханалардың ВКК төрағаларының қатысуымен семинар өткізді.

№1 МӘС бөлімінің басшысы Низамутдинова Әлия Амангелдіқызы медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) негізсіз және сапасыз жолданған 0/31у нысандары бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ МӘС-ге жолдау кезінде жиі кездесетін қателіктер мен анықталған ескертулерге тоқталды.

Әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Картпаева Светлана Алпысбайқызы дәрігерлерге жартыжылдық есептің көрсеткіштері туралы ақпарат жеткізіп, сырттай куәландыру барысында туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді.

Сондай-ақ Картпаева С.А. ВКК төрағаларын мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен өтеусіз уақытша пайдалану және кейін қайтару шарттарымен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаның басталғаны туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, дәрігерлермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  алдын алу мақсатында бірлескен жұмыс барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері талқыланды.

 МӘС ӘБ бөлімінің басшысы                              С.А. Картпаева

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1256628?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *