
1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Жетісу облысының аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алуға және азаматтарды қорғауға бағытталған республикалық «Хай-Тег» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Бүгінде алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданады: өздерін банк, полиция, мемлекеттік органдар немесе коммуналдық қызметкерлер ретінде таныстырып, жалған сілтемелер жібереді, оңай табыс табуды немесе жоғары кіріс әкелетін инвестицияларды ұсынады, сондай-ақ SMS-кодтарды айтып беруді немесе ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етеді.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін:
ешкімге SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін айтпаңыз;
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың өтінішімен белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;
интернет арқылы сатып алу-сату кезінде тек сенімді сервистерді пайдаланыңыз;
есте сақтаңыз: банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері ешқашан телефон арқылы растау кодтарын сұрамайды және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етпейді.
Егер алаяқтық әрекеттеріне тап болсаңыз немесе қылмыстың құрбанына айналсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
Сіздің қырағылығыңыз бен сақтығыңыз – интернет-алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1253335?lang=ru

Добавить комментарий