ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ II ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 30 маусым күні жергілікті уақыт 10:00 де, Шалқар аудандық Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға II тоқсанға арналған жұмыс жоспары аясында кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысына аудандық мәслихат аппараты басшысы Бәшбаева Алтыншаш Жалғасханқызы қатысты.Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Даулов Берік Құбайдоллаұлы онлайн режимде қосылып өз баяндамасы таныстырылды.Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады.
1) Аудан бойынша жастармен өткізілетін іс-шаралары және оның орындалуы туралы;
Хабарламашы: А.Ембергенов – Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы КММ басшысы
2) Аудандық ауыл шаруашылығы бойынша жазғы шөп шабу науқанына дайындық жұмыстары, ауыл шаруашылығы техникаларымен толығуы жөнінде атқарылған жұмыстары жөнінде;
Хабарламашы: М.Досжанов – Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы
3) Шалқар ауылдық округі әкімінің округ көлемінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы
Хабарламашы: Е.Бисенбин – Шалқар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
4) Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және тәуекелдерін азайту туралы
Хабарламашы: Б.Даулов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы
Қоғамдық кеңес отырысы соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalkar/press/news/details/1250958?lang=ru

Добавить комментарий