
«Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағаттар өткізілді.
Білім беру ұйымдарында педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби қызмет барысында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағаттар өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі қағидалары түсіндіріліп, педагогтердің құқықтары мен міндеттері, кәсіби әдеп нормалары, еңбек қатынастары, қызметтік жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, педагогтердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалды.
Ақпараттық сағаттарда педагогтерге заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы мәліметтер беріліп, тәжірибеде кездесетін құқықтық жағдайлар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша педагогтерге заң талаптарын қатаң сақтау, кәсіби қызметте құқықтық мәдениетті қалыптастыру, педагогикалық әдеп қағидаларын басшылыққа алу жөнінде ұсыныстар берілді.
Өткізілген ақпараттық сағаттар педагогтердің құқықтық білімін жетілдіруге, заң талаптарын сақтауға және кәсіби жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250076?lang=ru

Добавить комментарий