«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік!
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бағдарлама аясында өз кәсібін бастағысы немесе кеңейткісі келетін азаматтарға жылдық 2,5% жеңілдетілген несие беріледі.
Ірі қара, ұсақ мал, жылқы, құс өсіру және мал басын көбейту.
Егіншілік, көкөніс-бақша өнімдерін өндіру, жылыжай шаруашылығын дамыту.
Сүт, ет, жеміс-көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобалары.
Ауыл тұрғындарының бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасап, өнім өндіру мен өткізуді ұйымдастыру.
Қызмет көрсету саласы, шағын өндіріс, қолөнер, сауда және басқа да бизнес жобалар.
• Ауыл тұрғындарының табысын арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Ауыл кәсіпкерлігін дамыту;
• Халықтың әл-ауқатын жақсарту.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1248484?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ