Ағымдағы жылдың 1 маусым күні Павлодар қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АСЫҚ STRIKE» шаршы алаңдағы асық ату турнирі өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағымдағы жылдың 1 маусым күні Павлодар қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АСЫҚ STRIKE» шаршы алаңдағы асық ату турнирі өтті.

Аталған жарысқа Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Түсіпов Жарас Серікұлы жетекшілік еткен жас асықшыларымыз Берікбайұлы Бағдәулет пен Мұратұлы Саян қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жас спортшыларымыз алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген жас асықшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, жеңіс пен сәттілік тілейміз! Асық ату – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, ұлттық құндылығымыз. Сондықтан ауданымызда ұлттық спорт түрлерінің дамуы қарқынды жалғаса берсін!

Ұлттық спортты бірге дәріптейік!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250075?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version