Түркістан облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиада журналистер қауымын бір арнаға тоғыстырған тағылымды шараға айналды.
Биыл сегізінші рет өткен спорттық додада әріптестеріміз күнделікті ақпарат майданындағы еңбегімен ғана емес, спорттағы шеберлігімен де сынға түсті. Салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен жарыс тартысты бәсекеге, көтеріңкі көңіл-күй мен достық қарым-қатынасқа толы болды.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының және спорт басқармасының қолдауымен, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен спартакиадаға «Тұран БАҚ», 77 TV, «Ontustik» телеарнасы, «Жанубий Қозоғистон» газеті, «Janubiy.kz» сайты, Turkistan телеарнасы, «Рейтинг-Собкор», АТО және «УАҚЫТ TV» командалары қатысып, спорттың 4 түрінен өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен спортшылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА СПАРТАКИАДА С УЧАСТИЕМ РАБОТНИКОВ СМИ
Спартакиада, организуемая в Туркестанской области в честь профессионального праздника работников средств массовой информации, стала знаковым событием, объединившим журналистское сообщество региона.
В спортивном состязании, которое в этом году прошло уже в восьмой раз, наши коллеги продемонстрировали высокие спортивные навыки. Соревнования, направленные на пропаганду здорового образа жизни и укрепление солидарности внутри профессионального сообщества, прошли в атмосфере острой борьбы, высокого корпоративного духа и дружеского общения.
В спартакиаде, прошедшей при поддержке областного управления общественного развития и управления спорта, а также при организации Туркестанского областного филиала Союза журналистов РК, приняли участие команды «Тұран БАҚ», 77 TV, телеканала Ontustik, газеты «Жанубий Қозоғистон», сайта Janubiy.kz, телеканала Turkistan, «Рейтинг-Собкор», АТО и Уақыт TV. Сборные померились силами в четырех видах спорта. По итогам соревнований лучшие команды и спортсмены были награждены дипломами и специальными призами.
Итоги спортивного первенства распределились следующим образом:
Добавить комментарий Отменить ответ