Шардара ауданында кешенді оқу-жаттығу басталды

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облысының 2026 жылға арналған азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар жоспарына сәйкес, 23-25 маусым аралығында Шардара ауданында аумақтық деңгейдегі кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.
Бүгінгі кешенді оқу-жаттығудың жиынын аудан әкімінің орынбасары Е.Каратунов ашып, одан әрі Түркістан облысы төтенше жағдайдар департаменті бастығының орынбасары Азаматтық қорғау полковнигі Қ.Алиханов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатында өткізілетін практикалық іс-шара екенін атап өтті. Оқу-жаттығу барысында теориялық сабақтар практикалық іс-қимылдың негізі мен бастапқы кезеңі екені айтылып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Іс-шара барысында азаматтық қорғау бойынша шұғыл ден қою жасағының дайындығы тексеріліп, күштер мен құралдардың әзірлік деңгейі бағаланды.
Іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын жетілдіру, мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимылын нығайту және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету қабілетін арттыру.
Аудан тұрғындарынан өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарап, тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247362?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version