Шардара аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне құрмет көрсетілді

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне құрмет көрсетілді
Бүгін Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының бастамасымен аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсембай Тасполатұлы Шардара аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне арнайы барып, бөлім қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысының атынан медицина саласының мамандарына алғыс хат табысталып, демеушілер есебінен алынған заманауи массаждық кресло сыйға берілді.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары ақ халатты абзал жандарды алда келе жатқан Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, олардың халық денсаулығын сақтау жолындағы ерен еңбектеріне жоғары баға берді.
Медицина қызметкерлері күні — Қазақстан Республикасында маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін, адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолында қызмет етіп жүрген медицина саласы мамандарына құрмет көрсететін ерекше мереке.
Бұл күн – халыққа сапалы медициналық көмек көрсетіп, қиын сәттерде азаматтардың жанынан табылатын дәрігерлердің, мейіргерлердің және барлық медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегін бағалайтын айтулы күн.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен адамға деген жанашырлықтарыңыздың арқасында талай жанға үміт сыйланып, көптеген азаматтардың өмірі мен денсаулығы сақталуда.
Аудан әкімдігі тарапынан медицина саласының дамуына, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Хирургия бөлімі қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегі, күрделі жағдайларда шұғыл әрі сапалы медициналық көмек көрсетуі – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін маңызды міндет.
Осы мерекелі күні барша медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, абырой мен биік жетістіктер тілейміз!
Халық игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, медицина саласындағы мәртебелеріңіз арта берсін!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247338?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *