Көрші елдің концертін тамашаладық
Маусымның 21-і күні аудандық Мәдениет үйінде Ресей Федерациясының Омбы қаласынан «Қарлығаштар» үлгілі домбырашылар ансамблі мен «Сәлем» ансамблінің қатысуымен концерт өтті. Мерекелік бағдарлама көрермендерге қуаныш, шабыт және шығармашылық бірлік ахуалын сыйлай отырып, аудан тұрғындары үшін нағыз есте қаларлықтай күн болды.
Көрші мемлекеттен келген шығармашылық ұжымдар ауданымыздың шекаралас ауылдары бойынша концерттермен гастрольдік сапар шегуі бірінші жыл емес. Ансамбльдерді Омбы қаласының «Созвездие» ҚБ ББМ (Қосымша білім берудің бюджеттік білім беретін мекемесі) ұстазы Айнұр Сейфулмәлікқызы Иқсанова басқарады. Мұндай кездесулердің әрқайсысы тек мәдени оқиғаға ғана емес, қазақ музыкасына, халықтық дәстүрге және ата-бабаның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікпен негізделген ұлттық өнердің нағыз мерекесіне айналады.
Әртістер Ресей Федерациясының азаматтары бола отырып, өз халқының бай мұрасын музыка, ән және сахна өнері арқылы бере отырып, қазақ ұлттық мәдениетін ұқыпты сақтап, дамытуы концертке ерекше мән берді. Олардың шығармашылығы – ана тілі, музыкасы және дәстүріне деген құрмет шекара мен қашықтықты талғамайтынын айқын дәлелі.
Концерттік бағдарлама бай және алуан түрлі болды. Сахнада «Қарлығаштар» және «Сәлем» шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, сондай-ақ жеке нөмірлер, квартеттер, ерлі-зайыптылардың қойылымдары ұсынылды. Балалар мен ересектер ұжымдары мен солистері өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, көрерменге жарқын және шынайы кеш сыйлады.
Концерт бойы залда жылы орта орнатылды. Көрермендер таныс әуендерді қуана-қуана шырқады, әртістерді қол шапалақтап қолдап, ал кейбіреулері көңіл-күйлерін жасыра алмай, шабытты өнер композицияларға билей білді. Домбыраның үні, халық әндері және орындаудың шынайылығы қатысушылардың жүрегінде жылы серпіліс тудырды.
Концертке қатысушылар мен көрермендерге арнаған сөзінде аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембин ұлттық мәдениетті сақтау, тарихи тамырмен рухани байланысты нығайтуға және қазақ өнерін дәріптеуге ықпал ететін кездесулердің ерекше құндылығын белгілеп өтті.
– Бүгінгі концерт – бұл жай ғана шығармашылық кездесу емес, ата-бабамыздың ұлттық мұрасына, рухани құндылықтары мен мәдениетіне деген құрметінің жарқын айғағы. Біздің отандастарымыз көрші мемлекетте тұрып, қазақ дәстүрін, музыкасын және халық өнерін сақтап қана қоймай, оларды жас ұрпаққа тапсырып, дамытып, танымал ететінін көру ерекше қуанышты. Бұл – шынайы құрметке лайық. Домбыра, ән, сахна өнері арқылы ұрпақ арасындағы жанды байланыс сақталады, ұлттық сана-сезім нығаяды, халықтың бай мәдени мұрасы ұқыпты түрде жеткізіледі, – деді Дархан Бейсембин.
Сөз соңында аудан әкімінің орынбасары қонақтарға аудан әкімі Мұрат Абдуловтың атынан Алғыс хат табыс етті.
Өз кезегінде, шығармашылық ұжымдар өнерпаздары аудан басшылығы мен көрерменге жылы лебізі, пейілі мен қолдауы үшін зор алғысын білдірді. Қонақтар олар үшін ұлттық дәстүрге негізделген шығармашылықпен бөлісу және қазақ мәдениетін сақтауға өз үлесін қосу аса маңызды екенін атап өтті. Олар көрсеткен қонақжайлылық үшін ризашылығын білдіріп, мұндай кездесу одан әрі шығармашылық жұмысты шабыттандыратынын жеткізді.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен концерт ұлттық өнерде шекараның екі жағындағы адам жүрегінде ерекше бір шабыт тудырып, өмір сүріп, дамып келе жатқандығының айқын дәлелі болды. Мұндай кездесулер халықтың бай рухани және мәдени мұрасын сақтаудың және болашақ ұрпаққа жеткізудің қаншалықты маңызды екенін тағы да бір мәрте еске салады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov/press/news/details/1247015?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ