«ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
«ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Шардара аудандық полиция бөлімі тәуелсіздік жылдарында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты шағын футбол турнирін ұйымдастырды.
Іс-шара аясында марқұм қызметкерлердің рухына арнап ас беріліп, Құран бағышталды.
Салтанатты шараны Түркістан облысы полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Е. Шамшат ашып, қатысушыларды Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі.
Турнирге барлығы 16 команда қатысып, тартысты әрі жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті.
Сонымен қатар, «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және өзге де номинациялар бойынша үздік ойыншылар марапатталды.
Аталған «Ер есімі – ел есінде» турнирі биыл үшінші рет өткізілуде. Іс-шара Шардара аудандық полиция бөлімі қызметкерлері арасында игі дәстүрге айналып, жас қызметкерлерді отансүйгіштікке, ерлік пен адалдықты қадірлеуге тәрбиелеуге, сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестердің жарқын бейнесін ұлықтап, олардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған.
Турнирдің басты мақсаты – ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жанқиярлық танытқан қызметкерлердің есімін мәңгі есте сақтау, олардың рухына тағзым ету, полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және спортты дамыту

 
 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247356?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *