Бірыңғай кедендік декларациялар журналы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілердің назарын  қосымша түрде 2026 жылдың 11 сәуірінен бастап  тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар «KEDEN» ақпараттық жүйесіндегі «Кедендік декларациялар» – «Кедендік декларациялардың бірыңғай журналы» модулінде жүзеге асырылатынын аударады.

Жаңа модуль цифрландыру жұмыстарын ілгерілету шаралары аясында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарын сақтау мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірленді және  ақпараттық технологиялар мен ұлттық қауіпсіздік саласындағы заманауи талаптарға толықтай сәйкес келеді.

Бүгінгі күні, Департаменттің қызмет көрсету аумағында келесідей кедендік рәсімдер бойынша кедендік декларациялар тұрғысынан табысты жұмыстар байқалады: ішкі тұтыну үшін шығару, экспорт, кері экспорт, еркін қойма, кеден қоймасы, уақытша әкету, еркін кеден аймағы және т.б.

Ақпараттық технологияларды цифрландыру, жетілдіру және дамыту мәселелері мемлекеттік кірістер органдарының басымды саласы болып табылатынын айта кету керек және кеден мен салық салаларында мемлекеттік саясатты сапалы түрде жүзеге асыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1245671?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version