
Кәсіби мерекеге орай, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы сөз сөйлеп, департамент мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы жауапты еңбегін атап өтіп, саладағы қызмет сапасын арттыруға қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.
Мерекелік іс-шара аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен «ҮЗДІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінен II орын иеленгені үшін департаменттің бас маманы Сайпов Ерлан Нартайұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Мендалиевтің Дипломымен марапатталды.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық жүйе. Ол – халық пен билік арасындағы сенімді байланысты орнататын, қоғамдағы тәртіп пен әділеттілікті жүзеге асыратын кәсіби сала. Осы маңызды бағытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы ретінде Сайпов Ерлан Нартайұлы саланың сапалы әрі заңды жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында өз үлесін қосып келеді. Оның жоғары мәдениеті, сыпайы қарым-қатынасы және ұқыптылығы – халыққа сапалы қызмет көрсетуге негізделген нақты көрсеткіш. 2022 жылдан бастап ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. Сайпов Ерлан Нартайұлы – үлгілі отбасы иесі. Жанұялы, ұрпақ тәрбиелеп отырған ардақты әке. Қызметтегі жауапкершілікті отбасылық құндылықтармен ұштастыра отырып, жас буынға өнеге боларлық өмір сүріп келеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1246207?lang=ru

Добавить комментарий