ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ

🎯 Түркістан облысында білім беру саласын дамыту, апатты, үш ауысымды және ыңғайластырылған мектептер мәселесін шешу бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған білім беру инфрақұрылымын дамыту және қолжетімді сапалы білім беру саясаты аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өңірдегі білім саласын жаңғырту жұмыстары Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

🏢 Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде пайдалануға берілген жаңа мектептер саны жыл сайын артып, білім беру инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңартылуда. Атап айтқанда, 2018 жылы – 39, 2019 жылы – 26, 2020 жылы – 23, 2021 жылы – 37, 2022 жылы – 24, 2023 жылы – 22, 2024 жылы – 11 және 2025 жылы 3 мектеп ел игілігіне берілді.

🔖 Ал биыл 2 мектеп пайдалануға тапсырылды. Қалған 6 мектеп пен 1 жатақхана жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ Жаңа буынды дамыту орталығының 4 нысаны салынып жатыр.

✨ Жалпы 2018-2025 жылдар аралығында облыста 185 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

🖌️ Жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы өңірдегі оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін кезең-кезеңімен шешуге, сондай-ақ оқушылардың заманауи әрі қауіпсіз жағдайда білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беруде.

📝 Бүгінде облыста 1 106 мектеп жұмыс істейді. Мектептерді реновациялау бағдарламасы аясында 2025-2027 жылдары 115 мектепті жаңғырту жоспарланған. Былтыр 41 мектеп қамтылып, оның 26-сында жұмыстар толық аяқталды. Қалған 15 мектеп бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда және оларды 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр. Биыл 38 мектепті реновациялау жоспарланған.

⚙️ Жаңа оқу жылына дайындық аясында 125 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 60-ы аяқталды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарын жаңғырту мақсатында 110 нысан кезең-кезеңімен қатты отыннан табиғи газбен жылыту жүйесіне көшірілуде

🏗️ Жаңа білім беру нысандарын салу жұмыстары да жалғасуда. Былтыр өңірде 33 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, оның 29-ы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Бұл шаралар апатты және үш ауысымды мектептер санын азайтуға бағытталған нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

🎯 Жалпы атқарылып жатқан жұмыстар оқушылар үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім сапасын арттыруға бағытталған.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1244853?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *