Шүлбі кентінде Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Мерекеде балаларға ерекше көңіл бөлініп, түрлі ойын-сауық бағдарламалары, қызықты сайыстар мен көңілді концерттік қойылымдар ұсынылды. Балғындарға сыйлықтар мен балмұздақтар таратылып, олардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың нұрын көру барша тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағын қалыптастыруға, олардың қоғамдағы маңызын сезіндіруге және балаларға деген қамқорлықты арттыруға үлкен үлес қосады. Балалардың күлкісі мен қуанышы – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін спонсорларымызға зор алғыс білдіреміз.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-shulbinsk/press/news/details/1239168?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ