Үкімет отырысына қатысу туралы

Опубликовано:

Автор:

в категории
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына қатыстым.
Отырыста оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
 Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалардың денсаулығын қорғау және жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, ЖСҰ-мен жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 12 сауықтыру ұйымының екеуі толық дайындықтан өтіп, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды. Олар:Үлкен Нарын ауданындағы «Приморск», Риддер қаласындағы «Синегорье» жазғы лагерьлері.
Қалған сауықтыру ұйымдарында дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.
2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес беру және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Білім басқармасының аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бекітілген.
Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар тиісті басқа да ведомстволық ұйымдармен бірлесе, облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тұрақты бақылауында болады.с

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1229505?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version