Ерболат Темірболатұлын аудан басшысы Қарсыбаев Арман Романұлы күтіп алып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырудан бастап, Шардара қаласындағы «KAZKRAHMAL» жүгеріні терең өңдеу зауытының жұмысымен таныстырды. Аталған зауытта жүзеге асырылып жатқан жобалар мен кәсіпорынның экспорттық әлеуетін және өңір экономикасын дамытудағы өндіріс орнының маңызына тоқталып, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өңдеу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы зауыт басшысы баяндап өтті. Делегация зауыттың заманауи технологиялармен жабдықталған өндірістік желілерін аралап көріп, кәсіпорынның алдағы даму жоспарларымен танысты.
Одан кейін қонақтар «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Тәртіпке тартыл» атты облыстық «TUR Workout» жастар сайысының ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шараны Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыстық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп өткізді.
Сайыстың ашылуында сөз сөйлеген генерал-майор Ерболат Балғабаев жастарға сәттілік тілеп, заңды құрметтеуге және тәртіпті сақтауға шақырды. Ол өз сөзінде жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың білімді, саналы әрі отансүйгіш болып қалыптасуы қоғам дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өкілі Гүлзия Нұрғалиқызы Қарсыбай жастармен кездесіп, «Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қаржылық пирамидалардың зияны, дропперлік әрекеттердің қауіптілігі және синтетикалық есірткінің адам өміріне тигізетін зардаптары туралы айтылды. Жастарға интернет алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілік пен тәртіпке баулу. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар өзара күш сынасып, ептілік пен шыдамдылықтарын көрсетті. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Іс-шарадан кейін қонақтар «Shardara ARMsport» спорт кешеніне барды. Клубтың негізін қалаған Арман Романұлы спортшылардың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Айта кетсек, «Shardara ARMsport» клубы 2001 жылдан бері армрестлинг спортын дамытып келеді. Осы уақыт ішінде клуб көптеген жоғары жетістіктерге жеткен. Бүгінде клуб спортшылары халықаралық жарыстарда аудан намысын қорғап жүр. Атап айтқанда: 120 спортшы Әлем чемпионы атанған; 351 спортшы Азия чемпионы болған; 583 спортшы Қазақстан чемпионы атанған.
Сонымен қатар, клубтан 70 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 130 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 592 спорт шеберлігіне үміткер шыққан. Клубтан сондай-ақ Қазақстанға еңбегі сіңген 1 жаттықтырушы мен 6 спортшы тәрбиеленген. Қазіргі таңда спорт кешенінде жастар спорттың 11 түрімен тұрақты түрде айналысады.
Сапар барысында генерал-майор Ерболат Балғабаев жас спортшылармен кездесіп, олардың жетістіктеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, спорт федерациясының мұражайын аралап, естелік қолтаңбасын қалдырды.
Іс-сапар соңында Ерболат Темірболатұлы аудан активімен кездесіп, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тәртіпке баулу және патриоттық рухты күшейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында өңірде бұқаралық спортты дамыту, жастарды зиянды әдеттерден сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1229447?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ