Құқықтық оқыту семинары өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағымдағы жылдың 25 мамырында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі Жақсылық Жанерке Алмасқызының төрағалығымен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Тілеужан Ғалымжан Бауыржанұлының қатысуымен семинар өтті.

Семинар барысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзекті мәселелер, мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1229524?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version