Алтай және Үлкен Нарын аудандарына іс-сапар

Опубликовано:

Автор:

в категории
Департамент басшысының орынбасары А.Чидербаевпен бірге Алтай және Үлкен Нарын аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткіздік.
Кездесулер барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру және кәсіби жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметтің беделі мен қоғам сенімін айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі.
Осыған байланысты күнделікті қызмет барысында әдеп нормаларын сақтау, жоғары кәсіби мәдениетті ұстану және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру әрбір қызметкер үшін маңызды міндет екені атап өтілді.
Жас қызметкерлерді кәсіби дамыту бағытында әдістемелік және тәлімгерлік қолдауды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді. Олардың қызметке бейімделуін жеделдету, кәсіби құзыреттерін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында тұрақты қолдау көрсету қажеттігі ерекше назарға алынды.
Сонымен қатар, қызметкерлермен ашық форматта пікір алмасып, олардың сауалдары мен ұсыныстарын тыңдадық. Мұндай кездесулер өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, ұжым ішіндегі өзара түсіністік пен кәсіби байланысты нығайтуға, ортақ міндеттерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді деп есептеймін.
Жұмыс сапары аясында Алтай қаласының әкімімен арнайы кездесу өткізіліп, Алтай басқармасының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды. Кездесу барысында ғимараттың қазіргі жай-күйі, жөндеу жұмыстарының қажеттілігі және алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстардың негізгі бағыттары қарастырылды. Қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру – қызмет сапасын жақсарту, жұмыс тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Аумақтық басқармаларымен тұрақты байланыс орнату, жергілікті деңгейдегі мәселелерді дер кезінде талқылау және оларды тиімді шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1229504?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *