«ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 2026 жылы 28 мамыр күні сағат 11:00-де (жергілікті уақыт бойынша) Түркістан облысының аумағында «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналы беріле отырып, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне кешенді облыстық тексеру жүргізіледі.
Тексеру барысында электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары және өзге де хабарлау құралдары іске қосылады.
Осыған байланысты тұрғындардан дыбыстық сигналды естіген жағдайда сабыр сақтап, теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, ресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы таратылатын ресми ақпараттарға назар аударулары сұралады.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жалған ақпарат таратпауға, дүрбелеңге бой алдырмауға және өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1229454?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ