«Тірі аңыз: 102 жастағы соғыс ардагерін Қосшы қаласының пробация қызметі құттықтады»/ Живая легенда: 102-летний герой войны принял поздравления от службы пробации города Косшы

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Тірі аңыз: 102 жастағы соғыс ардагерін Қосшы қаласының пробация қызметі құттықтады»

Бүгінде Ақмола облысында 1945 жылдың тарихи көктемін өз көзімен көрген жалғыз адам — Нұрқасым Әжітаев қана қалды. Қосшы қаласының пробация қызметінің қызметкерлері 102 жастағы майдангерге арнайы барып, оған зор құрметтерін білдірді. Бұл кездесу жай ғана ізет сапары емес, облыстың өзімен құрдас тағдыр иесінен алынған тірі тарих сабағына айналды.

Нұрқасым Әжітаевич қонақтарды қарсы алған сәтте, уақыт тоқтап қалғандай әсер қалдырады. 102 жасқа келгеніне қарамастан, оның жанарында кезінде соғыс отынан аман алып шыққан сол қайсар рухтың ұшқыны әлі де бар. Пробация қызметінің қызметкерлері үшін бұл сапар — бейбіт өміріміздің негізін қалаған тұтас бір дәуір адамының қолын қысып, тағзым етуге берілген ерекше мүмкіндік болды.

Кездесу өте жылы әрі тағылымды жағдайда өтті. Ардагер, иығына соғыс жылдарының ауыртпалығы мен ұзақ жылғы адал еңбекті арқалаған азамат, қонақтарды нағыз батырға тән сабырмен әрі парасатпен қабылдады.

«Біз Нұрқасым Әжітаевичтің үйіне қызметтік міндет үшін емес, жүрек қалауымен келеміз. Жеңісті жақындатқан қолмен амандасу — біз үшін үлкен мәртебе. Ол — жай ғана тарих куәгері емес, төзім мен қайсарлықтың тірі символы. Осындай кездесулер әрбір бейбіт күннің қадірін тереңірек түсінуге үйретеді», — деді Қосшы қаласы пробация қызметі бөлімінің бастығы Мунира Каудинова.

Ведомство қызметкерлері ақсақалға отбасының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, денсаулығы мықты болып, өңірдің басты шежірешісі ретінде әлі талай жыл ғұмыр кешуіне тілектестік білдірді. Қоштасар сәтте олар Нұрқасым Әжітаевич секілді жандарды ұлттың «алтын қоры» деп атап, мұндай тұлғалардың әрбір сөзі алтынмен пара-пар екенін ерекше атап өтті.

____________________________________

Живая легенда: 102-летний герой войны принял поздравления от службы пробации города Косшы
В Акмолинской области сегодня остался лишь один человек, чьи глаза видели ту историческую весну 1945 года — Нуркасым Ажитаев. Сотрудники службы пробации города Косшы навестили 102-летнего фронтовика, чтобы выразить ему свое глубокое уважение. Эта встреча стала не просто визитом вежливости, а живым уроком истории от человека, который старше самой области.
Когда Нуркасым Ажитаевич встречает гостей, кажется, что время замирает. В его 102 года в глазах по-прежнему горит тот самый огонь, который когда-то помог ему пройти через пекло войны. Для сотрудников службы пробации этот визит стал возможностью лично пожать руку человеку-эпохе, чей боевой путь стал фундаментом нашей мирной жизни.
Встреча прошла в теплой атмосфере. Ветеран, за плечами которого десятилетия самоотверженного труда и тяготы военных лет, принимал гостей с достоинством истинного батыра.
«Мы идем к Нуркасыму Ажитаевичу не по долгу службы, а по зову сердца. Это уникальный момент — прикоснуться к руке, которая ковала Победу. Для нас он — не просто свидетель истории, а живой символ стойкости. Такие встречи отрезвляют и заставляют по-новому ценить каждый мирный день», — поделилась эмоциями начальник отдела службы пробации города Косшы Мунира Каудинова.

Офицеры ведомства пожелали аксакалу, чтобы его дом всегда был полон заботы близких, а здоровье позволяло еще долго оставаться главным хранителем памяти региона. Уходя, сотрудники признались: такие люди, как Нуркасым Ажитаевич — это «золотой фонд» нации, и каждое слово, сказанное ими сегодня, имеет вес золота.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1229125?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version