Skip to content

Читать на Казахском

ПОДПИСАТЬСЯ
ВОЙТИ
Среда, 27 мая, 2026
200News на русском

КАЗАХСТАН

РСК

ШЫМКЕНТ



Облыс әкімі Асхат Шахаров ақтөбелік түлектерге сәт-сапар тіледі

Опубликовано:

27/05/2026 08:18

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
в категории Новости

Ақтөбе облысында оқу жылын 189 436 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 11 099 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.

Бүгін өңіріміздегі барлық жалпы білім беру ұйымдарында түлектерге арналған мектеппен қоштасу шаралары өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы орта білім беретін мектептегі «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиынға қатысты.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп 2025 жылы ашылып, биыл өзінің алғашқы түлектерін шығарып салды. Оқу орнын 90 оқушы аяқтайды, олардың ішінде 4 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер және 10 оқушы – үздік аттестатқа үміткер.

Өз сөзінде аймақ басшысы ақтөбелік барша түлекті өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, өңірде сапалы білім алуға және жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

«Сіздер үшін өмірдің жаңа кезеңі басталуда. Мектеп жылдары достық, алғашқы жеңістер, жарқын эмоциялар мен маңызды жаңалықтардың уақыты ретінде есте қалады. Алда әрқайсыңызды өз жолыңыз, жаңа мақсаттар мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елде заманауи мектептер ашылып, сапалы білім алуға жағдай жасалуда. Сіздер – «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған осы жаңа мектептің алғашқы түлектерісіздер. Мұнда алған білімдеріңіз болашақ жетістіктеріңіздің берік негізі болатынына сенемін.

Ең бастысы – биік мақсат қоюдан қорықпау, үнемі дамып отыру және өз күшіңізге сену. Ұстаздарыңызға құрмет, туған жерге сүйіспеншілік және қоғамға пайдалы болуға ұмтылыс әрдайым серігіңіз болсын. Осы салтанатты сәт сіздер үшін бақытты, қызықты әрі табысты өмірдің бастауы болсын», – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырған ұстаздар мен ата-аналар қауымына ризашылығын білдірді.

№82 мектепте 2 419 оқушы білім алады, мұнда 184 педагог жұмыс істейді. Жобалық сыйымдылығы 2 000 орын болғанына қарамастан, заманауи инфрақұрылымы мен қолайлы оқу жағдайларының арқасында бұл мектеп қаладағы ең сұранысқа ие білім беру ұйымдарының біріне айналған.

Салтанатты жиынның мерекелік атмосферасын оқушылар дайындаған музыкалық нөмірлер толықтырды. Шараның шарықтау шегі – түлектер орындаған дәстүрлі мектеп вальсі болды. Бұл ерекше сәт оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды бір арнаға тоғыстырған әсерлі сәт ретінде есте қалды.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1229060?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

←Previous: БЕЗОПАСНЫЙ ДОМ
Next: В целях формирования антикоррупционной культуры и повышения уровня этического поведения среди государственных служащих проведена разъяснительная встреча, направленная на профилактику коррупционных проявлений и соблюдение норм Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан→


НОВОСТИ

КАЗАХСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

НОВОСТИ

Условия оплаты

Политика конфиденциальности

Условия пользования

АККАУНТ

ВОЙТИ

ПОДПИСАТЬСЯ

“200.news” – интернет-издание ТОО “Информационное агентство Бахытжан Копбаев”. Свидетельство о регистрации №KZ77VPY00071781 выдано Комитетом информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан 21 февраля 2024 года. Портал для пользователей старше восемнадцати лет. Материалы могут быть воспроизведены при соблюдении условий использования.

Телефон нашего агентства: +77778848811 , почта : info@200.news

Exit mobile version