
26.05.2026 ж.
Қала әкімінің орынбасары Сәкен Сүлейменовтың жүргізуімен кезекті мәрте азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан Баянды Сахарияұлы қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар қаламыздағы ең өзекті мәселелердің бірі электрмен қамтамасыз ету, жол құрылысы, көше жарығы және қаланың инфрақұрылымына қатысты сауалдар қойып, оған заң аясында жауап берілді. Түйткілді сұрақтардың шешімін табу бөлім басшыларына тапсырылды.
Қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау әр аптаның сейсенбісі күні 9:00-12:00 аралығында жүргізіледі. Қабылдауға 87172607770 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1229091?lang=ru

Добавить комментарий