Ақмола облысы ҚАЖ департаментінің Зеренді аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы беделді «Senat Open» шахмат кубогының жартылай финалына жолдама алды / Начальник отдела службы пробации Зерендинского района Департамента уголовно-исполнительной системы по Акмолинской области вышел в полуфинал престижного шахматного кубка «Senat Open»

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ақмола облысы ҚАЖ департаментінің Зеренді аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы беделді «Senat Open» шахмат кубогының жартылай финалына жолдама алды

Ерғали Сауран III ашық «Senat Open» шахмат кубогының жартылай финалында өңір намысын қорғайды. Ол Көкшетау қаласында өткен тартысты ширек финалда ондаған қарсыласын басып озды.

Келесі кезеңге өту үшін өңірдің 118 мықты зияткері бақ сынады. Олардың қатарында қазіргі және бұрынғы мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер болды. Қатаң бәсеке нәтижесінде жартылай финалға небәрі 35 қатысушы ғана жолдама алды.

Турнирде Зеренді ауданының намысын мықты құрама қорғады. Оның құрамында пробация қызметі бөлімінің бастығы Ерғали Сауранмен қатар аудан әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ұлыбала Жүсіпова, қоғам және білім саласының өкілі Сұлтанбек Әділет, сондай-ақ 5–6 шақырылымдағы мәслихаттың экс-депутаты Мұрат Молдахметов болды. Соңғысы да жоғары шеберлік танытып, Ерғали Сауранмен бірге облыстың үздік ойыншылары қатарына еніп, келесі кезеңге өтті.

«Шахмат пен қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ұқсастығы көп. Екі жағдайда да бірнеше қадам алға ойлай білу, сабыр сақтау және сын сәтте жедел шешім қабылдау аса маңызды», — деп атап өтті Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінде.

Енді ақмолалық жеңімпаздар облысаралық деңгейде өңір намысын қорғайды. «Senat Open» кубогының жартылай финалы Қостанай қаласында өтеді. Бұл кезеңде Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының үздік құрамалары шахмат тақтасы басында өзара мықтыны анықтайды.

_________________________________________

Начальник отдела службы пробации Зерендинского района Департамента уголовно-исполнительной системы по Акмолинской области вышел в полуфинал престижного шахматного кубка «Senat Open»

Ерғали Сауран представит регион в полуфинале III Открытого шахматного кубка «Senat Open». Он сумел обойти десятки соперников в напряженном четвертьфинале, который прошел в городе Кокшетау.

Всего за выход в следующий этап боролись 118 сильнейших интеллектуалов региона: действующие и бывшие депутаты маслихатов, члены общественных советов, представители СМИ, сфер образования, здравоохранения и культуры, сотрудники правоохранительных органов и государственные служащие. В условиях высокой конкуренции путевки в полуфинал смогли завоевать лишь 35 участников.

Честь Зерендинского района на турнире защищала сильная команда, в состав которой вошли начальник отдела службы пробации Ерғали Сауран, руководитель отдела государственно-правовой работы аппарата акима района Ұлыбала Жусупова, представитель общественности и сферы образования Султанбек Әдилет, а также экс-депутат маслихата 5–6 созывов Мурат Молдахметов. Последний также продемонстрировал высокий уровень мастерства и вместе с Ерғали Саураном вошел в число лучших игроков области, прошедших в следующий этап.

«Шахматы и служба в уголовно-исполнительной системе имеют много общего — и там, и здесь важно уметь просчитывать ходы наперед, сохранять хладнокровие и оперативно принимать решения в критических ситуациях», — отметили в ДУИС по Акмолинской области.

Теперь акмолинским победителям предстоит защищать честь региона на межобластном уровне. Полуфинал кубка «Senat Open» пройдет в городе Костанай, где за шахматными досками встретятся сильнейшие команды Павлодарской, Акмолинской, Костанайской и Северо-Казахстанской областей.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1229128?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version