
«ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
Кентау қаласының Полиция бөлімі, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, қала жастары мен жасөспірімдері арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын – алу және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілдерде көшелер мен қоғамдық орындарда беймезгіл жүруін болдырмау мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Мақсаты: Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім жастарды анықтау мақсатында қаладағы ойын-сауық орталықтарында, кафелерде, саябақтарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруін болдырмау.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1228197?lang=ru

Добавить комментарий