
25 мамыр — жас түлектер үшін ерекше әрі есте қаларлық күн. Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы аталып өтілді. Осыған орай Темір орта жалпы білім беретін мектебінде де мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектерге құрмет көрсетілді.
Салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының және аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов және аудандық мәслихат депутаты Ардақ Әмзеев қатысып, мектеп бітіруші түлектерді айтулы мерекемен құттықтады.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы сөз сөйлеп, бүгінгі жас түлектер — елдің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы екенін атап өтті. Сондай-ақ оқушыларға сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті, отансүйгіш азамат болып қалыптасудың маңыздылығына тоқталып, алдағы өмір жолдарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар білім беру саласында табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде жоғары нәтижелер көрсеткен ұстаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы алғыс хаттар табысталды. «Алтын белгіге» үміткер түлектер де марапатталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды.
Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Ардақ Әмзеев те мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін атап өтті. Сонымен бірге спорт саласында үздік нәтиже көрсетіп, аудандық және облыстық жарыстарда мектеп намысын қорғаған белсенді оқушыларға арнайы сыйлықтарын табыстады.
«Соңғы қоңырау» — мектеп бітіруші түлектер үшін үлкен өмірге бастар маңызды белес. Осындай тағылымы мол іс-шара жас түлектерге ерекше рухани серпін сыйлап, олардың болашаққа деген сенімін нығайтады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1228860?lang=ru

Добавить комментарий