Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Сарыағаш аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау туралы;
- Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы;
- «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын қайта бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-50-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы №25-188-VIII «Сарыағаш ауданының жер комиссиясының құрамын қайта бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1229029?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ