«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» – ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жыл сайынғы дәстүрлі оқу жылының аяқталуы биыл С. Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде ерекше көңіл-күймен аталып өтті. «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанаты түлектер үшін үлкен өмірге бастар маңызды белеске айналды. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов пен аудандық мәслихат депутаты Ардақ Амзеев қатысып, мектеп ұжымымен және оқушылармен бірге осы айтулы сәттің куәсі болды.

Жиын барысында білім мен тәрбие ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарға партияның Алғыс хаттары табысталып, олардың еңбегіне құрмет көрсетілді. Төраға түлектерге арнаған лебізінде алдағы өмір жолының сәтті болуын тілеп, ел игілігіне қызмет ететін саналы ұрпақ болып қалыптасуына сенім білдірді.

Сондай-ақ, шара аясында халық қалаулысы оқу озаттары мен спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларды марапаттап, арнайы шәкіртақыларын үлестірді. Бұл бастама жастардың жетістігін қолдауға бағытталған маңызды қадам ретінде атап өтілді.

Кеш барысында оқушылардың концерттік бағдарламасы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл күйді еселей түсті. Түлектер алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасып, ұстаздарына алғыс пен жылы тілектерін білдірді.

Салтанатты жиын әр қатысушының жадында жылы естелік болып сақталып, мектеппен қоштасу сәтін мәні терең, әсерлі оқиғаға айналдырды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1228875?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *