ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Қазіргі уақытта интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар көбейіп отыр. Алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданып, азаматтардың ақшасын иемденуде. Олар өздерін банк қызметкері, полиция қызметкері, интернет-дүкен өкілі немесе таныс адам ретінде таныстыруы мүмкін.
Көп жағдайда алаяқтар:
🔹 «Шотыңыз бұғатталды» деп хабарласады;
🔹 «Арзан несие алып береміз» деп уәде береді;
🔹 «Жұмысқа орналастырамыз» деп алдайды;
🔹 Жалған интернет-дүкендер арқылы тауар сататын болып көрінеді;
🔹 SMS немесе WhatsApp арқылы күмәнді сілтемелер жібереді.
❌ ЕШҚАШАН:
* Банк картасының нөмірін, CVV кодын айтпаңыз;
* Телефонға келген SMS кодтарды бөгде адамға бермеңіз;
* Бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармаңыз;
* Күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
✅ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН:
* Тек ресми сайттар мен қосымшаларды пайдаланыңыз;
* Интернеттегі хабарландыруларды мұқият тексеріңіз;
* Күмәнді қоңырауларға сенбеңіз;
* Жақындарыңызға да ескертіңіз.
Егер алаяқтардың әрекетіне тап болсаңыз, дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан сақтаңыз!!!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1228198?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ