Азаматтық қорғаныс – басты назарда!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Азаматтық қорғаныс басқармасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел форматында түсіндірме кездесу өткізді. Кездесуге әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, қауіпті өндірістік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тәртібі, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің заңдылығы, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Бапаев Талғат Полатбекұлы тексеру жүргізу кезінде заң талаптарын сақтау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері туралы нақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, Департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобының бас маманы, азаматтық қорғау полковнигі Кожакеев Бакыт Жуматаевич қызметкерлердің заң талаптарын қатаң сақтай отырып жұмыс жүргізуі қажеттігін түсіндіріп, ашықтық пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Ашық әрі еркін форматта өткен кездесу мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтық қорғаныс саласындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1227985?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version