Аудандық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясына шақыру туралы

Опубликовано:

Автор:

в категории

      2026  жылғы   «22»  мамыр       №31

 

 Аудандық мәслихаттың кезекті

 отыз екінші сессиясына шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы 2026  жылдың  03  маусым күні сағат 11:00 ге шақырылсын.

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылсын:

  1. 2025 жылғы Байғанин аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі 2025 жылғы Байғанин аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы тексеру комиссиясының есебі
  2. Ащы ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

жылдық есебін бекіту туралы

  1. Жаңажол ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы
  2. Жарқамыс ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы
  3. Көлтабан ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы
  4. Қарауылкелді ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы
  5. Қопа ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

жылдық есебін бекіту туралы

  1. Қызылбұлақ ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы
  2. Миялы ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы

жылдық есебін бекіту туралы

  1. Сартоғай ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы
  2. Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 

№107 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  1. Байғанин аудандық мәслихатының  2023 жылғы 17 қаңтардағы №205

«Округтік сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №330 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  2. «2026-2028 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  3. «2026-2028 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №354 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. «2026-2028 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №350 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 14 қазандағы «Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  6. Байғанин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 қарашадағы №172 «Байғанин ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияқұрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  7. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы»  №183 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  8. Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Байғанин аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» №375 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  9. Аудандық мәслихаттың келесі сессиясының Күн тәртібін бекіту туралы

 

 

 

       Мәслихат төрағасы                                                                 М.Сержан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin/press/news/details/1227989?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version