Әкелер мектебінің мүшелері мектеп өміріне белсене араласып, оқушыларға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретуде. Ағаштан түрлі бұйымдар жасау, қамшы өру сияқты дәстүрлі өнер түрлері арқылы балалардың еңбекке қызығушылығы артып, ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасып келеді.
Солардың ішінде белсенділігімен ерекшеленетін әкелердің бірі – Азамат Шоқанов. Ол – қолынан іс келетін, темірден түйін түйген шебер жан. Өз білгенін тек өз баласына ғана емес, мектеп оқушыларына да үйретіп, тәжірибесімен бөлісуді азаматтық парызы санайды.
Наурыз мерекесі аясында өткен облыстық «Өз ісінің шебері» байқауында әкелер мектебінің мүшелері ағаштан сандық жасап, жүлделі орынға ие болды. Ал Азамат Бегендікұлы ұлы Рамазанмен бірге «Шебер қолдар» облыстық байқауына қатысып, жүлделі орыннан көрінді. Бұл – әке мен бала еңбегінің жарасымды үйлесімінің айқын дәлелі.
Әсіресе, Рамазанның еңбекке ерте араласуы көпке үлгі. Ол небәрі 2 жасынан бастап шеге қағып үйренген. Бүгінде �
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226954?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ