Шараны Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен білім беру бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Сонымен қатар, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі аналарға арналған арнайы кітап көрмесін өткізді.
Іс-шара барысында қолөнер көрмелері ұйымдастырылып, білім беру мекемелеріндегі аналардың шығармашылық жұмыстары таныстырылды. Аудан әкімінің орынбасары О. Темірболатова құттықтау сөз сөйлеп, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы атқарған жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Шараға мектеп жанындағы Даналық мектептерінің мүшелері, аналар мектептерінің төрайымдары және ауылдық округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кеш барысында әсерлі бейнероликтер көрсетіліп, концерттік бағдарламалар ұсынылды. Сондай-ақ, «Армандастар» жастар орталығының инспекторлары келген қонақтарға арнайы ашық хаттар таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шара аналарға деген құрмет пен ризашылықты арттырып, жылы әсерге бөледі.
Ана – отбасының ғана емес, қоғамның да шамшырағы. Барша аналарды мерекемен құттықтаймыз! 🌷
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226957?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ