Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Екібастұз қаласында академик М.П. Марденовты еске алуға арналған 50 жастан жоғары білім саласы қызметкерлері арасында облыстық шағын футбол турнирі өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Екібастұз қаласында академик М.П. Марденовты еске алуға арналған 50 жастан жоғары білім саласы қызметкерлері арасында облыстық шағын футбол турнирі өтті.

Аталмыш жарыста Май ауданының намысын қорғаған ардагер спортшыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тартысты дода қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанды.

Жекелей номинациялар бойынша:
🏆 «Үздік ойыншы» – Мусабаев Ерғанат
🏆 «Үздік қақпашы» – Омарбеков Ғалым
🏆 «Үздік қорғаушы» – Ботабай Қабыкен

Аудан абыройын асқақтатып, спортта үздік нәтиже көрсетіп жүрген ағаларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, алдағы уақытта да жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Спортпен бірге болайық!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226959?lang=ru

Exit mobile version