
2026 жылғы 20 сәуірде Жаңалық ауылдық округінің мамандары «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акция аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталды.
Акция барысында:
Округке қарасты ауылдық мәдениет үйінің мекемесінің
жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерінің сауатты әрі заң талаптарына сай рәсімделуі және кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мекеме иелері мен қызметкерлеріне тіл мәдениетін сақтау, орфографиялық және стилистикалық қателерге жол бермеу жөнінде нақты ұсыныстар беріп, анықталған кемшіліктерді түзету бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-zhanalyk/press/news/details/1226474?lang=ru

Добавить комментарий